Қазақстандық боксшылар әлем кубогында кім кіммен жұдырықтасады?

Бокс

Фото: kazsports.kz

Астанада бокстан өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жекпе-жек сарайында өтетін жарыста бірінші болып 70 келіде сынға түсетін Абылайхан Жүсіпов рингке ертең күндізгі сессияда шығады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл додада еліміздің мықтылары түгел дерлік бақ сынайды. 50 келіде Санжар Тәшкенбай жапон боксшысымен, ал 55 келіде Сабырхан Махмұд Оңтүстік Корея спортшысымен кездеседі. Сонымен қатар, Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллиннов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Бекзат Нұрдәулетов (85 келі) де алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. +90 келіде Айбек Оралбай Доминикан Республикасының өкілімен жұдырықтасады.

90 келіде Сағындық Тоғамбай ширек финалға тікелей шықты. Ол енді Италия мен АҚШ боксшылары арасындағы кездесудің жеңімпазын күтеді. Айта кетейік, италиялық спортшы Азиз Аббес Мухийдин — әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

Жарыстың күндізгі сессиясы сағат 14:00-де, ал кешкі бәсекелер 19:00-де басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады