«Қайрат» бразилиялық жаңа шабуылшысын таныстырды

Рикардиньо

Фото: FC VIKTORIA Plzeň

Алматылық «Қайрат» чехиялық «Виктория» (Пльзень) клубының шабуылшысы Рикардиньоны бір жылға жалға алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

24 жастағы бразилиялық футболшы орталық шабуылшы мен қанатта ойнай алады.

Рикардо Виана Фильо – Сан-Паулу штатының тумасы. Ол футболдағы алғашқы қадамдарын жергілікті клубтың академиясында жасаған. Кейін «Гремио», «Атлетико Гоияниенсе», «Маритиму» және Болгарияның «Левски» клубтарында ойнады. Соңғысында 56 матчта 20 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

2024 жылы «Викториямен» келісімшартқа отырып, УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде алаңға шықты. 2025 жылдың алғашқы бөлігін Израильдің «Маккаби» (Хайфа) клубында жалға өткізіп, 11 кездесуде 1 голмен көзге түсті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды