«Шахтердің» тізгінін қайтадан Финонченко ұстады

Андрей Финонченко

Фото: kazfootball.kz

Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері міндетін Андрей Финонченко уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұл туралы ақпаратты Olimpbet Arena таратты.

Чехиялық маман Иржи Ярошик клуб құрылымында қалғанымен, жаттығу процесіне енді жергілікті бапкер жауап береді. Клуб әзірге жаңа бас бапкер іздеуді жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның Бірінші лигасында шетелдік мамандар ресми түрде команда жаттықтыра алмайды. Сондықтан Ярошик клубта кеңесші ретінде тіркелген. Ал Финонченко – «Шахтердің» аңызы. Ол осы клубта бар мансабын өткізіп, ҚПЛ-де 346 матчта 104 гол соққан. 2023 жылы қызметінен кеткен ол енді қайтадан командаға уақытша жетекшілік етеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді