Артур Шушеначев «Хапоэльмен» келісімшартты бұзды: елге орала ма?

Артур Шушеначев

Фото: ФК Сочи

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев алдағы уақытта ел чемпионатына қайта оралуы ықтимал, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

27 жастағы ойыншы Израильдің «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубымен келісімшартты бұзып, қазір туған командасы «Таразбен» бірге жаттығып жүр.

Ақпарат көздерінің жазуынша, оның мансабын жалғастырудағы ең ықтимал нұсқа – Қазақстан Премьер-лигасына оралу. Қазіргі таңда Артур бабын жоғалтпау үшін жаттығуын жалғастырып жатыр.

Өткен маусымды ол Ресейдің «Сочи» клубында жалдамалы негізде өткізді. Онда 13 ойында алаңға шығып, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Қазір футболшының трансферлік құны – 450 мың еуро. Ол 2024 жылдың ақпанында «Қайраттан» «Хапоэльге» 232 мың еуроға ауысқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр
13 Окт - 12:05 Футбол
«Ливерпуль» 47 миллион еуроға Алиссонға ықтимал ізбасар тапты
13 Окт - 10:45 Футбол
ҚФФ өкілдері УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчына тағайындалды
13 Окт - 10:00 Футбол
Қазақстанның U-17 әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші рет жеңілді