Франция Германияны жеңіп, Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды

Сборная Франции

Фото: Getty Images

Франция құрамасы Ұлттар лигасының үшінші орны үшін өткен матчта Германияны жеңді. Штутгарт қаласындағы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Франция сапынан Килиан Мбаппе мен Майкл Олисе гол соқты.

Бұл Мбаппенің ұлттық құрамадағы 50-ші голы. Ол бұл көрсеткіш бойынша Франция тарихында үшінші орында тұр. Тьерри Анриде – 51, ал көш басында Оливье Жиру – 57 голмен.

Ойын барысында VAR екі рет шешуші рөл атқарды. Бірінші таймда Франция қақпасына белгіленген пенальти қайта қаралып, жойылды. Ал екінші таймда Германия ойыншысы Дениз Ундав соққан гол төреші Иван Кружляктың шешімімен есепке алынған жоқ.

Франция тарихында алғаш рет Ұлттар лигасының қола медалін иеленді. Айта кетейік, Дидье Дешам жаттықтыратын бұл команда 2021 жылы аталмыш турнирде чемпион атанған еді. Ал финалда Португалия мен Испания құрамалары кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді