«Челси» – Еурокубоктың бәрін жеңген алғашқы клуб

«Челси»

Фото: Getty Images

Лондондық «Челси» УЕФА аясындағы барлық турнирде жеңіске жеткен алғашқы команда атанды. Вроцлавта өткен Конференциялар лигасының финалында олар испаниялық «Бетиске» қарсы алаңға шығып, 1:4 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші болып қарсылас есеп ашты – Абдесаммад Эззальзули тоғызыншы минутта мергендік танытты. Алайда одан кейін «Челси» толығымен ойынды өз қолына алды. Гүл соққандар: Энцо Фернандес, Николас Джексон, Джейдон Санчо және Мойзес Кайседо.

Бұған дейін Конференциялар лигасын «Рома», «Вест Хэм» және «Олимпиакос» ұтқан болатын. Ал «Челси» бұған қоса Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын, Кубок иегерлері кубогын және УЕФА Суперкубогын да жеңіп алған.

Қазір бұл жетістікке жетуге жақын клубтар – «Ювентус» пен «Аякс». Бірақ оларға Конференциялар лигасы ғана жетіспейді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру