Данияр Елеусінов Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығуы мүмкін

Данияр Елеусинов

Фото: Getty Images

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтың менеджері Зия Алиев оның алдағы жоспарларын бөлісті. Айтуынша, шілде айында АҚШ-та жеңіл жекпе-жек өткізбек. Ал қыркүйекте әйгілі Канело мен Кроуфорд кездесетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасуы ықтимал.

Бұл жекпе-жек Даниярдың TKO Boxing лигасындағы алғашқы қадамы болмақ. Жаңа ұйымды UFC президенті Дана Уайт бастаған. Жобаға боксқа қаржылай қолдау көрсетіп жүрген Турки әл Әш-Шейх те атсалысуда. Елеусиновпен толыққанды келісімшарт жасалған. Оның ішінде бонус пен рейтинг те қарастырылған. Лиганың өз чемпиондық белбеуі болады және UFC стилінде дамытылады. Қазірдің өзінде 130-ға жуық спортшы тіркелген.

Сонымен қатар, Данияр TKO-дан тыс та жекпе-жек өткізе алады. Егер Riyadh Season тарапынан ұсыныс түссе, Джарон Эннис не Шахрам Ғиясов сынды мықтылармен кездесу өткізуге мүмкіндік бар. Айта кетейік, Елеусинов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және WBC Peace белбеуінің иегері. Бұл титулды ол 2024 жылдың қыркүйегінде филиппиндік Джо Нойнайды бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп алғаннан кейін иеленген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады