ҚФФ құрылымында үлкен өзгеріс: ПФЛК мүшеліктен шығарылды, Исполком жаңарды

КФФ

Фото: Пресс-служба КФФ

2025 жылғы 26 мамырда Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII Конференциясы өтті.

Жиынға аймақтық футбол ұйымдары, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен халықаралық ұйым өкілдері – ФИФА-дан Марко Ферри, УЕФА-дан Йозеф Климент қатысты.

Бас тақырып – федерацияның құрылымдық және жарғылық өзгерістері. Конференцияда ҚФФ Жарғысына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, ПФЛК федерация құрамынан шығарылды. Енді ол ұлттық жарыстарды ұйымдастыру құқығынан айырылады, ал оның президенті Исполком құрамынан автоматты түрде шығарылды.

Бұдан бөлек, жарғы талаптарын бұзған бірнеше ұйым ҚФФ құрамынан аластатылды. Сонымен қатар, алты мүше өз еркімен Исполком құрамынан кетіп, олардың орнына жаңа өкілдер, соның ішінде халықаралық мамандар сайланды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді