Азияны бағындырған боксшылар: Қазақстан U22 чемпионатында топ жарды

photo 2025 05 23 21 21 46

Фото: kazsports.kz

10–24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ерлер құрамасы 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жарыстың соңғы күнінде 13 салмақ дәрежесінде чемпиондар анықталды. Қазақстан сапынан тек 54 келідегі Кенже Мұратұлы алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберсе, қалған 12 боксшымыз финалға шығып, 10-ы жеңіс тұғырынан көрінді.

Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын ерлер құрамасы үшін бұл – 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына үшінші рет қатысу. 2023 жылы Таиландта үш алтынмен шектелсе, 2024 жылы Астанада өткен жарыста 8 алтынға қол жеткізген болатын. Биыл Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен қатысқан жалғыз ел атанды.

Чемпионат жеңімпаздарына Халықаралық бокс федерациясы тарапынан қаржылай сыйақы берілді: 1-орын — 1000 доллар, 2-орын — 500 доллар, 3-орын — 250 доллар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады