Жозе Альдо қоштасты: UFC жұлдызы мансабын аяқтады

Жозе Альдо

Жозе Альдо. Фото: Zuffa LLC

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде әйгілі бразилиялық файтер Жозе Альдо октагонға қайта оралды. Оның қарсыласы – жергілікті спортшы Эйеманн Захаби болды.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісті канадалық спортшы иеленді. Бұл Захабидің мансабындағы 15-жеңісі болды (15-2). Ал Альдоның көрсеткіші енді 32 жеңіс пен 11 жеңілістен тұрады.

Жекпе-жектен кейін 38 жастағы Жозе Альдо кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол ММА-де 2004 жылдан бері өнер көрсетіп, 2011 жылы UFC ұйымына қосылған. Альдо – жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион және UFC Даңқ залына енген спортшы.

Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегі – Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы чемпиондық кездесу – кешірек өтеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды