Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді

Абиба Абужакынова

Абиба Абужакынова. Фото: Getty Images

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Душанбе қаласында өткен Grand Slam турнирінен кейін әлемдік рейтингте үштікке көтерілді.

48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленген Абиба халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Бұл нәтиже – Қазақстан құрамасының атынан жарысқа қатысқан спортшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Турнирде Абиба жартылай финалда Қытай спортшысы Вен Жуангқа есе жібергенімен, қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық Улбусин Хакимованы жеңіп кетті. Ал қалған жеті қазақстандық дзюдошы – бәрі ерлер – жүлделі орынға жете алмады.

Бұл – Әбужақынованың мансабындағы Grand Slam турнирлеріндегі тоғызыншы жүлдесі. Биылғы жылы ол екінші рет жүлдегер атанып отыр: бұған дейін наурыз айында Линцте алтын алған болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Янв - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
09 Янв - 20:20 Күрес
Антальядағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар жүлдемен бастады
14 Дек - 15:06 Күрес
Ризабек Айтмұхан PWL турнирінде Магомедхан Магомедовке жол берді
06 Дек - 13:10 Күрес
Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды
02 Дек - 16:03 Күрес
Әлішер Ерғали өзіне жаңа күрес түрінен финалға шықты
30 Ноя - 17:03 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады
28 Ноя - 18:34 Күрес
Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді
27 Ноя - 18:08 Күрес
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
13 Ноя - 15:33 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
09 Ноя - 18:33 Күрес
Дзюдо: Назгүл Маратова Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды