Жібек Құламбаева Германияда тағы топ жарды

Жибек Куламбаева

Жибек Куламбаева. Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінде чемпион атанды. Жібек жұптық сында Латвиядан келген Дарья Семенистаямен бірге финалда чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Скодан басым түсті.

Шешуші матч 4:6, 6:3, 11:9 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс Жібек үшін қатарынан екінші ITF W100 титулы болды.

Осылайша, Құламбаеваның кәсіби мансабындағы ITF турнирлеріндегі жеңістер саны 40-қа жетті. Жібек әлемдік ареналарда Қазақстанның атын шығаруды жалғастырып келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады