«Қайрат» құда түскен Артем Дзюба Қытайға барады

Артем Дзюба

Фото: NurPhoto via Getty Images

Ресейлік шабуылшы Артем Дзюба, бұған дейін «Қайратқа» ауысуы мүмкін деп айтылған, өзінің алдағы жоспарларын бөлісті. Оның айтуынша, ол Қытайға «Шанхай Шеньхуа» клубының бапкері Леонид Слуцкийге қонаққа бармақ.

«Мен Қытайға Слуцкийге қонаққа барамын, кездесеміз, сөйлесеміз. Мүмкін, командасымен аздап жаттығамын, сондай жоспар болған. Тек қандай деңгей екенін көру үшін. Ал келісімшарт? Жоқ-жоқ, мен ол жаққа ауыспаймын, тым алыс. Тек Викторичпен кездесіп, мейрамханаларға барамыз, зоопаркке барып, аттракциондарға мінеміз», – деді Дзюба «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев ойыншыға қызығушылық білдіргенін айтқан. Алайда кейін Дзюба бұл ұсынысқа өз жауабын берген болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін