Милад Карими Каирде тағы бір алтын медаль иеленді

Милад Карими

Милад Карими. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде өткен әлем кубогының кезеңінде тағы бір финалды жеңіп алды. Ол турникпен жасалатын жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті.

Карими өзінің бағдарламасын мінсіз орындап, төрешілерден 14,466 ұпай алды. Кипрлік Мариос Георгиу 14,066 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, швейцариялық Ноэ Сейферт 13,866 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Милад вольтімен орындалатын жаттығуларда да жеңіске жетіп, жалпы есепте әлем кубогының үздігі атанған еді. Оның қоржынында қазір ЭКМ жарыстарында жеңіп алған алты алтын медаль бар.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру