Ресейдің екі топ-клубы қазақстандық жас ойыншыға қызығушылық танытып отыр

Даулет Орынбасар

Даулет Орынбасар. Фото: АБФФ

«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында Даулет Орынбасарға қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, жас ойыншыға ресейлік ЦСКА және «Зенит» клубтары қызығушылық танытып отыр.

Боранбаевтың сөзінше, футболшыны бірден сатып жіберу емес, оны жаңа командаға дұрыс бейімдеп апару маңызды. Сол себепті «Қайрат» басшылығы болашақ клубты таңдауда футболшымен және оның ата-анасымен ақылдасып жатыр.

Қайрат Боранбаев Нұралы Әліптің мысалын келтірді. Ол да «Қайраттан» «Зенитке» ауысып, негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналған. Ал Даулет Орынбасар былтырғы маусымда QJ League U-17 бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды: үздік ойыншы және үздік сұрмерген. Ол 17 матчта 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді