Асланбек Шымбергенов құрамамен қайта жаттығуға кіріседі

Асланбек Шымбергенов

Асланбек Шымбергенов. Фото: Olympic.kz

2023 жылғы әлем чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов ұлттық команда сапына қайта оралғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол «AQYRYS SEITQAZY» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

– Күзде Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол турнирге мықтап дайындаламын. Содан кейін ұлттық құрамаға қайта оралсам деймін. Қазір 71 келі салмақ жоқ, сондықтан, бәлкім, 70 келіге ауысамын, – деді Шымбергенов.

2024 жылдың соңынан бері Шымбергенов құрама жарыстарына қатыспай келген. Бұл үзіліс оның жарақатына байланысты болған.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов – 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионы, 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионы және Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады