Ағайынды Сабырхандар АҚШ-қа аттанбақшы

Сабырхан

Фото: olympic

Жуырда ғана кәсіпқой рингте дебют жасаған Махмұд пен Төрехан Сабырхан енді АҚШ-та дайындықтан өтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Махмұд «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Америкаға бару бұрыннан ойда болған. Қазір ағайындылары АҚШ-та жүр, бокс залдарын қарап, жақсы жаттығу орнын іздеуде. «Егер бәрі ойдағыдай болса, Төрехан екеуміз де жақында жолға шығамыз», – деді ол.

Айта кетейік, Сабырхан бауырлары кәсіпқой боксқа 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде қадам басты. Махмұд вьетнамдық қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірсе, Төрехан чех боксшысын үшінші раундта тоқтатты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар