Садриддин Ахмедов мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады

Садриддин Ахмедов

Садриддин Ахмедов. Фото: Sportnews.kz

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шықты.

Оның қарсыласы мексикалық тәжірибелі боксшы Элиас Эспадас (23-6-1, 16 КО) болды. Бірінші орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа жоспарланып, барлық раунд соңына дейін жалғасты. Қорытындысында төрешілер тең нәтиже тіркеді.

Бұл – Ахмедовтың кәсіби мансабындағы алғашқы тең ойыны. Бұған дейін ол өткізген 15 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен еді. Айта кетейік, бұл Садриддиннің 2025 жылғы алғашқы айқасы. Өткен жылы ол екі америкалықты нокаутпен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру