Азия біріншілігінде татамиге шығатын қазақстандықтар белгілі болды

Дзюдо

Фото: Icon Sport via Getty Images

25-28 сәуір күндері Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында 17 дзюдошы бақ сынайды.

Ерлер құрамында жарысқа Нурадиль Әлжан мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Ержан Еренқайыпов (66 келі), Есет Қуанov (73 келі), Мәди Амангелді мен Азат Күмісбай (81 келі), Ермахан Ануарбеков пен Максим Меирлан (90 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) қатысады.

Ал қыздар сапында Галиа Тынбаева мен Диана Букреева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсайынбаева (57 келі), Эсмигүл Құюлова (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Назгүл Маратова мен Акерке Рамазанова (+78 келі) татамиге шығады.

Резервтегі спортшылар қатарында Талғат Орынбасар, Ердәулет Бозша, Бақытжан Абдурахманов және Марат Байқамұров бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды