Женисов пен Ковригин WBC Гран-при турнирінде жұдырықтасады

Жолдас Женисов

Жолдас Женисов. Фото: zholdaszhenisov/Instagram

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Жолдас Жеңісов (7-0, 3 КО) пен Александр Ковригин (8-0, 6 КО) WBC және Турки Әл аш-Шейх ұйымдастырып отырған жартылай жеңіл салмақтағы Гран-при турниріндегі алғашқы қарсыластарын білді.

Турнирдің алғашқы кезеңі – 1/16 финал – 17 сәуір күні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. Женисов рингке Испания өкілі Эльязид Эззайданимен (6-0, 4 КО), ал Ковригин АҚШ боксшысы Трой Нэшпен (3-0, 1 КО) шығады. Бұл кезеңдегі жекпе-жектер алты раундқа жоспарланған.

Жеңімпазға 15 мың доллар, ал жеңілген боксшыға 7,5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Келесі кезеңдерде жекпе-жек раундтарының саны 8-ге, кейін 10-ға дейін өседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар