Самат Смақовтың ұлы Түркияда ойнайды

Аламгир Смаков

Аламгир Смаков. Фото: kff.kz

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы, 16 жастағы жартылай қорғаушы Аламгир Смақов Түркияның атақты «Бешикташ» клубының академиясына қабылданды. Бұл туралы dop телеграм арнасы хабарлады.

Бұған дейін Аламгир «Қайрат» жүйесінде жаттыққан. Түркиялық скауттар жас ойыншының әлеуетін жоғары бағалап, оны «қарақұстар» академиясына шақырды.

Айта кетерлігі, «Бешикташтың» негізгі құрамында қазір Бақтияр Зайнутдинов ойнап жүр. Оның болуы Аламгирдің жаңа ортаға тез бейімделуіне сеп болуы мүмкін.

Аламгир Смақов U-17 жасөспірімдер құрамасы сапында 11 матч өткізіп үлгерген. Ол өз буынының ең үміт күттіретін ойыншыларының бірі саналады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді