«Кроуфордпен спарринг үшін аптасына 1500 доллар алдым» – Батыр Жүкембаев ашық айтты

Батыр Джукембаев. Фото: Getty Images
Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген Батыр Жүкембаев әлемнің ең мықты боксшыларының бірі Теренс Кроуфордпен өткізген спаррингі туралы айтып берді. Бұл туралы ол «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті.
«Кроуфордтың спарринг-партнері болдым. Әр жаттығу үшін 500 доллардай, аптасына 1500 доллар шамасында алатынмын. Бірақ мен бұл жерге ақша үшін барған жоқпын. Ең бастысы – алған тәжірибем», – деді Батыр.
Ол Кроуфордпен жаттығудың өзін мықтап шыңдағанын айтты. «Нағыз чемпионмен бірге спарринг өткізу – әр боксшының арманы. Бұл маған көп нәрсе берді», – деп бөлісті ол.
Қазір Батыр АҚШ-та Теренс Кроуфордтың жеке бапкері Брайан «БоМак» Макинтайрдың қол астында жаттығып жүр. Екеуі бір командада дайындалып жатыр.