Бек Нұрмағамбет кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет Фото: Getty Images

Кәсіпқой бокстан еш жеңілмеген отандасымыз Бек Нұрмағамбет (13-0, 10 KO) кезекті жекпе-жегін АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өткізеді. Жекпе-жек жергілікті уақытпен 5 сәуірде өтеді, ал Қазақстанда оны 6 сәуірдің таңында көруге болады.

Бұл жолы Бектің қарсыласы Коста-Рика елінен келген Энкарнасион Диас болмақ. Оның рекорды — 20 жеңіс, 5 жеңіліс, 11 қарсыласын нокаутқа түсірген. Екеуінің кездесуі жартылай ауыр салмақта өтеді, алты раундқа жоспарланған. Айта кетейік, Диас биылғы жылы тағы бір қазақстандық боксшы Али Ахмедовпен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Бек өткен жекпе-жегін өткен жылдың қазанында Калифорниядағы Сан-Хасинто қаласында өткізіп, мексикалық Хоакин Мурьету Лусионы (13-14, 11 KO) екінші раундта сұлатып түсірген. Осылайша, Нұрмағамбет жеңіс жолын жалғастырып келеді.

Айта кетерлігі, Бек бұған дейін екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альвареспен бір залда жаттығып, тіпті оның спарринг-серіктесі де болған. Бұл тәжірибе оның кәсіби дамуына үлкен ықпал еткені сөзсіз.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады