Рингке қайта оралады: Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегін сәуірде өткізеді

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. BoxRec сайтының дерегінше, Бектің келесі айқасы 5 сәуір күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтеді.

Қарсыласы әзірге нақты емес. Дегенмен жекпе-жек кәсіби бокс кешінің аясында ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Бек былтыр қазан айында соңғы рет рингке шыққан болатын. Ол кезде мексикалық Хоакин Мурьету Люсионы екінші раундта нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет бұған дейін бірнеше рет екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль «Канело» Альвареспен бір жаттығу залында дайындалып, оған спарринг-қарсылас болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру