Кәсіпқой клубтарға шектеу қойылады: бюджеттен қаржыландыру қысқарады, легионерлерге тыйым салынады

Зарплата в футболе

Зарплата в футболе

Қазақстан Үкіметі кәсіпқой спорт клубтарын бюджеттен қаржыландыруға шектеу қоюды көздейтін заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.

Оның айтуынша, енді футбол, хоккей және өзге де командалық спорт түрлеріне бөлінетін мемлекеттік қаржы нақты лимитпен белгіленбек. Сонымен қатар, спортшылардың жалақысына да шектеу енгізіледі. «Бүгінде кейбір ойыншылар шектен тыс, негізсіз жоғары жалақы алады. Осы жағдайды бақылауға аламыз», — деді вице-министр.

Жаңа заң жобасында легионерлерге бюджет есебінен жалақы төлеуге тыйым салу қарастырылған. Заң қабылданғаннан кейін шетелдік ойыншыларды тек демеушілер немесе өзге де бюджеттен тыс көздер арқылы ғана қаржыландыруға рұқсат беріледі.

Жарасбаевтың айтуынша, үнемделген қаражат бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Қазіргі таңда заң жобасы Сенатта қаралып жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді