Самородов маусым соңында «Ахматтан» кетуі мүмкін екенін жасырмады

Максим Самородов

Максим Самородов

Қазақстан құрамасы мен Ресейдің «Ахмат» клубында ойнайтын Максим Самородов өзі жайлы айтылып жатқан әңгімелерге мән бермейтінін айтты. Сондай-ақ шабуылшы маусым аяқталған соң команда ауыстыруы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

— Қысқы үзілістен кейін жақсы бастадық. Бұл, әрине, жиындарда атқарылған еңбектің арқасы. Кем-кетік тұстарды түзеуге тырыстық, — дейді футболшы «Матч ТВ»-ге берген сұхбатында.

Жақсы ойын көрсетіп, гол соққан соң ел назарында жүргенін сезесің бе деген сұраққа Максим:

— Жоқ, ештеңеге мән бермеймін. Тек жаттығуда да, ойында да барымды салам. Қазір өз ойынымның жақсарғанын байқаймын. Мұның бәрі еңбекпен келді, — деп жауап берді.

Келешек жоспарлар жайлы да сұралғанда:

— Маусым аяқталған соң ұсыныстар болса, қарап көрем. Әзірге нақты ештеңе жоқ. Мықты чемпионатта ойнағым келеді, бірақ оған дейін әлі өсу керек, — деді Самородов.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді