Ең көп табатын файтер кім? Naiza президенті жауап берді

ММА

ММА

Naiza FC аралас жекпе-жек ұйымының президенті Нұрбек Қарабала қазақстандық спортшылардың табысы жайлы айтты. Оның сөзінше, ел ішінде ең көп табыс табатын спортшы — Муратбек Қасымбай.

– Қазақстанда ең жоғары қаламақы алатын – Қасымбай. Бір жекпе-жекке 30 миллион теңгеге дейін алады екен. Жаман табыс таппай жүргендер қатарында Жуман Жұмабеков пен Фаниль Рафиков бар, – деді Қарабала Bank.kz сайтына берген сұхбатында.

Ал шетелде ең жоғары гонорар алатындар – UFC-де өнер көрсетіп жүрген Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Сонымен қатар Артем Резниковтің де табысы жоғары екенін атап өтті.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де 2020 жылдан бері, ал Асу Алмабаев 2023 жылдан бастап жекпе-жекке шығып жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру