«Қайрат» пен «Зенит» қайта кездеседі

Кайрат

Кайрат

Алматылық «Қайрат» наурыз айының соңында Санкт-Петербургте «Зенитпен» жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.

Бұған дейін қос команда өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда кездесіп, тартысты ойында ресейлік клуб 4:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл ойын «Қайрат» үшін құрамды сынап, тактикалық дайындықты пысықтауға жақсы мүмкіндік болмақ. Команданың алаңға негізгі құраммен шығуы күтілуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру