Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев

MMA.Metaratings.ru порталы UFC Fight Night 253 турниріне қатысқан файтерлердің гонорарларын жариялады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде Асу Алмабаев пен Манел Капе октагонға шыққан еді.

Турнирдің ашылу жекпе-жегінде Рамазонбек Теміров пен Чарльз Джонсон кездесті. 2024 жылы қатарынан төрт жеңіс алған америкалық файтер найлегчай салмақтағы ТОП-15 қатарына кіргенімен, Теміров оны екі раундта ұтып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Sporty Salaries порталының мәліметінше, Рамазонбек UFC-дегі екінші жеңісі үшін 40 мың доллар алған. Оның ішінде 18 мыңы – жекпе-жекке шыққаны үшін, 18 мыңы – жеңісі үшін, 4 мыңы – спонсорлық төлемдер. Ал Чарльз Джонсон жеңілгенімен, үш есе көп – 120 мың доллар алып кеткен.

Кештің басты айқасында Манел Капе үшінші раундта Асу Алмабаевты нокаутпен жеңді. Португалиялық файтер жылдамдық пен қорғаныста мықты екенін көрсетіп, басымдықты өз қолында ұстады. Осы жекпе-жек үшін ол турнирдегі ең үлкен гонорар – 521 мың доллар алды. Оның ішінде 350 мыңы – жекпе-жекке шыққаны үшін, 100 мыңы – жеңісі үшін, 50 мыңы – үздік өнер көрсеткені үшін берілген бонус, 21 мыңы – демеушілерден түскен ақша.

Асу Алмабаевтың гонорары 266 мың доллар болды. Оның 250 мыңы – жекпе-жекке шыққаны үшін, 16 мыңы – спонсорлық бонус.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды