Қазақстандық ватерполшы қыздар Азия чемпионатынан қола жүлде алды

Чемпионат Азии

Чемпионат Азии

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өткен Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады. Қола жүлде үшін өткен ойында біздің қыздар Өзбекстан құрамасын 13:6 есебімен сенімді жеңді.

Турнир барысында команда бес матч өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Сингапурды (12:6), Гонконгты (25:6) және Өзбекстанды (13:6) ұтты. Алайда басты фавориттерге қарсы өткен кездесулерде Қытайға (6:21) және Жапонияға (7:26) жол берді.

Жүлделі орын алғанына қарамастан, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама ала алмады. Бұл мүмкіндік Қытай мен Жапония құрамаларына бұйырды. Олар Азия чемпионы атағын өзара сарапқа салады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру