Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді?

Дияр Нургожай

Дияр Нургожай

UFC қазақстандық полутяж салмақтағы файтер Дияр Нұрғожайдың (10-0) дебюттік жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

16 наурызда (Астана уақытымен) Нұрғожай Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 104 турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейромен (16-7) кездеседі. Қарсыласы «Горилла» деген лақап атпен танымал. Бұл жекпе-жек негізгі кардтың бір бөлігі болмақ.

Кештің басты айқасында Италия өкілі Марвин Веттори (19-7-1) мен Грузиядан келген Роман Долидзе (14-3) реванш өткізеді.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай UFC-мен келісімшартқа өткен жылдың қазанында Дана Уайттың Претенденттер сериясы арқылы қол жеткізіп, поляк Бартош Шевчикті жеңген болатын.

Ал Рибейро дәл осы жолмен 2023 жылдың қыркүйегінде UFC-ге өткен. Ол ұйымдағы үш жекпе-жегінің біреуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген (1-2).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды