Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісінен кейін пікір білдірді

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде Манел Капеге есе жібергеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады.

— Ассалаумағалейкүм, ағайын! Қолдау көрсеткендерге үлкен рақмет! Қандай жағдай болса да, бір-бірімізге демеу болайық. Алла қаласа, белбеуді бәрібір алып келемін! Біз ер азаматпыз, сылтау іздемейміз – бәрі дұрыс! — деді Алмабаев.

Айта кетейік, Асу мен Капенің жекпе-жегі үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, жеңіс анголалық спортшының еншісінде кетті.

Бұл Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейін оның көрсеткіші 4-0 болса, жекпе-жек алдында флайвейд дивизионында 8-орында тұрған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру