«Челси» трансферге ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды

Челси

Челси

Лондонның «Челси» клубы 2024 жылғы қаржылық қорытынды бойынша футбол тарихындағы ең көп трансферлік шығынға кеткен команда болды.

UEFA-ның «Еуропалық клубтардың қаржылық және инвестициялық ландшафты» есебіне сәйкес, команданың құрамын жасақтау 1,656 миллиард еуроға түскен. Бұл 2023 жылы «Манчестер Юнайтед» орнатқан 1,422 миллиард еуролық рекордтан асып түсті. Бірақ қомақты қаржы жұмсалғанына қарамастан, «Челси» күткен нәтижеге қол жеткізе алмады – команда трофей жеңе алмады және Чемпиондар лигасына жолдама ала алмады.

2022 жылы клубтың тізгінін американдық кәсіпкер Тодд Боэли мен Clearlake Capital консорциумы қолға алғаннан бері, «Челси» алты трансферлік кезеңде 41 ойыншымен келісімшарт жасады.

2019 жылдың шілдесінен 2024 жылдың маусымына дейін клубтың трансферге жұмсаған қаржысы 2 миллиард еуроға жуық, бұл ең жақын бәсекелестерден 66% көп. Мысалы, «Манчестер Сити» 1,175 миллиард еуро, ал «Арсенал» 1,145 миллиард еуро жұмсаған. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш «Барселона» (€733 млн) мен «Ливерпульдің» (€657 млн) шығындарынан әлдеқайда жоғары.

Қазіргі уақытта «Челси» Англия Премьер-лигасында 5-орында, 46 ұпаймен Еуропа лигасы аймағында тұр. Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін небәрі 1 ұпай жетіспейді – 4-орындағы «Манчестер Сити» 47 ұпаймен келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды