Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді

Санжар Ташкенбай

Фото: НОК РК

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада өтетін IBA Nomad турнирінде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz. Қазақстандық боксшы филиппиндік Нил Хакамоспен (7-1, 1 КО) кездеседі. Жекпе-жекте бірінші ең жеңіл салмақтағы IBF Asia нұсқасы бойынша бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Турнир алдындағы баспасөз мәслихатында Тәшкенбай дайындығы туралы айтып, кәсіпқой және әуесқой бокстағы өнерін қатар жалғастыратынын жеткізді. Қазақстандық спортшы АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынынан кейін жекпе-жек өткізу қажет болғанын атап өтті. Сонымен қатар оның басты мақсаттарының бірі Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіске жету екенін айтты.

«Бұл менің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегім. Жеңіс үшін бар күшімді саламын және жанкүйерлерді қуанту үшін өзімнің үздік қасиеттерімді көрсетуге тырысамын. АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынынан кейін жекпе-жек өткізуім керек болды. Әуесқой бокста өнер көрсетуімді жалғастырамын. Кез келген спортшы секілді мен де Олимпиада ойындарында жеңіске жетуді армандаймын», – деді Тәшкенбай.

Турнир аясында Қазақстанның тағы бір боксшысы Сәкен Бибосынов та рингке шығады. Ол кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Намибия өкілі Иммануэль Джозеф болады. Намибиялық боксшының кәсіби рекорды 18 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтижеден тұрады. Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Жекпе-жектерді YouTube платформасынан көруге болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады