BoxingScene Жәнібек Әлімханұлына титулдық жекпе-жек болжады

images 6 1

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмаққа ауысуы әлемдік бокс қауымдастығының назарын аударуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Беделді BoxingScene басылымының пікірінше, салмақ дәрежесін ауыстыру қазақстандыққа дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық жекпе-жекке шығуға мүмкіндік береді.

Басылымның мәліметінше, егер Сауль Альварес қазан айында Кристиан Мбиллимен WBC белбеуі үшін жұдырықтасса, онда Әлімханұлы спортқа оралған соң қазіргі WBO чемпионы Хамза Шираздың міндетті қарсыласы атануы мүмкін.

Жәнібек бұған дейін Сауль Альвареспен кездескісі келетінін ашық айтып, мексикалықты екінші орта салмақтың шыңынан ығыстыруды мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын. Ал оның жаңа салмақтағы алғашқы қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Әлімханұлы бұған дейін Хамза Ширазбен жұдырықтасуға жақын болған. Riyadh Season жобасының басшысы Турки Әл аш-Шейхтің бастамасымен бұл жекпе-жек келісілгенімен, кейін жоспар өзгеріп, Шираз Карлос Адамеспен кездесіп, айқас тең аяқталған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру