Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Балоев 16 тамызда Грозныйда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
33 жастағы қазақстандықтың қарсыласы IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы болған ресейлік Умар Саламов болады. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте боксшылар бірінші ауыр салмақтағы IBF нұсқасы бойынша Еуропа чемпионының вакантты белбеуін сарапқа салады.
Бұл Балоев үшін 2025 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы кездесу болмақ. Соңғы жекпе-жегінде ол Босния және Герцеговина өкілі Эрмин Авдичті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.
Кәсіпқой мансабында Әли Балоевтың еншісінде 15 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Умар Саламов 32 рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңілген.:::



