Килиан Мбаппе ӘЧ-2026 мергендер жарысында Лионель Мессиге жетті

Килиан Мбаппе, Франция

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ӘЧ-2026 турнирінің үздік сұрмергендері тізімінде Лионель Мессимен теңесті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Француз шабуылшысы 1/16 финалда Швеция құрамасына қарсы матчта дубль авторы атанып, турнирдегі голдарының санын алтыға жеткізді.

Кездесу Франция құрамасының 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды. Мбаппе қарсылас қақпасына екі гол соғып, матчтың басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Ол бұл көрсеткішке төрт матчта қол жеткізді. Ал Лионель Месси алты голды үш кездесуде соққан және әлі 1/16 финалдағы ойынын өткізген жоқ.

Швеция қақпасына соққан екінші гол Килиан Мбаппе үшін әлем чемпионаттарындағы 18-гол болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол турнир тарихындағы рекорд иесі Лионель Мессиге бір ғана гол қалып келеді. Аргентиналық шабуылшының еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 19 гол бар.

Аргентина құрамасы 1/16 финалдағы кездесуін 4 шілдеге қараған түні Кабо-Верде құрамасына қарсы өткізеді. Килиан Мбаппе Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»