Қазақстандық киберспортшы IEM Cologne Major 2026 турнирінің финалына шықты

Данил molodoy Голубенко

Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко FURIA Esports командасының құрамында IEM Cologne Major 2026 турнирінің гранд-финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл қазақстандық ойыншы үшін маңызды тарихи жетістік болды.

Жартылай финалда бразилиялық FURIA ұжымы Түркияның Aurora командасымен кездесті. Матч екі картада аяқталып, FURIA 2:0 есебімен жеңіске жетті. Dust 2 картасында есеп 13:9 болса, Nuke картасында бразилиялық команда қарсыласын 13:4 есебімен ойсырата ұтты.

Кездесудің үздік ойыншысы ретінде бразилиялық Юри yuurih Сантос танылды. Осы жеңістің арқасында FURIA әлемдегі ең беделді Counter-Strike турнирлерінің бірінің финалына шықты.

Айта кетерлігі, Данил molodoy Голубенко соңғы төрт жылда мейджор турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды. Енді FURIA IEM Cologne Major 2026 турнирінің шешуші матчында Team Spirit пен Team Falcons арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру