Данияр Шарабадин Қазақстан чемпионы атанды

6a930b434ee48 2

Астанада EA SPORTS FC 26 ойыны бойынша Қазақстан чемпионы анықталды. Қазақ ұлттық спорт университетінде өткен LAN-финалда Данияр «dan1k» Шарабадин барлық қарсыласынан басым түсіп, ел чемпионы атанды.

Шешуші кезеңге Қазақстанның ең үздік сегіз ойыншысы қатысты. Турнир плей-офф жүйесімен, Ultimate Team FC Pro форматында ұйымдастырылды. Финалдық кезең қорытындысында Абылай «Abyl_Qazaqstan» Жанаберген екінші орын алса, Алишер «alish_back» Мұқанали үшінші орынға жайғасты.

Қазақстан чемпионы атанған Шарабадин енді ел намысын халықаралық аренада қорғайды. Ол UEFA eEURO 2026 турниріне қатысуға жолдама алды. Бұл жарыста ойыншылар EA SPORTS FC 26 бойынша өз ұлттық құрамаларының атынан сынға түседі.

UEFA eEURO 2026 турнирінің онлайн топтық кезеңі 17-18 қазанда өтеді. Оған УЕФА құрамына кіретін 47 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік сегіз ойыншы 12 желтоқсанда Лондонда өтетін eEURO 2026 финалдық кезеңіне жолдама алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру