Данил molodoy Голубенко PGL Astana 2026 турнирінің үздік ойыншылары қатарына енді

Фото: Game-Tournaments
Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко Counter-Strike 2 бойынша өткен PGL Astana 2026 турнирінің үздік ойыншылары рейтингінде екінші орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның FURIA командасы жарысты ширек финалда аяқтады.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық ойыншының жеке рейтингі 1.36 болды. Бұл көрсеткіш бойынша одан тек ресейлік Данил donk Крышковец қана жоғары нәтиже көрсетті — 1.61. Сонымен қатар үздік бестікке xertioN, luchov және m0NESY енді.
FURIA командасы ширек финалда Team Falcons ұжымына 1:2 есебімен жол берді. Жартылай финал жолдамасы үшін өткен матч турнирдегі ең тартысты кездесулердің бірі болды.
Нәтижесінде Team Falcons гранд-финалға дейін жетіп, онда Team Spirit командасымен кездесті. PGL Astana 2026 турнирінің чемпионы екінші жыл қатарынан Team Spirit атанды. Плей-офф ойындары Астанадағы «Барыс Аренада» өтті, ал жарыстың жалпы жүлде қоры 1,6 миллион долларды құрады.


