Қазақстандық боксшы әлем кубогының финалына шыға алмады

Дина Исламбекова

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жартылай финалда ол Өзбекстан өкіліне есе жіберіп, финалға шыға алмады.

Гуйяндағы турнирге әлемнің 44 елінен спортшылар қатысуда. Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы кездесулер дәстүрлі түрде үлкен қызығушылық тудырады. Бұл жолы екі елдің өкілдері әйелдер арасындағы 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Дина Исламбекова өзбекстандық Олтина Сотимбоевамен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан 5:0 есебімен Өзбекстан спортшысына берді. Осылайша Сотимбоева финалға жолдама алса, қазақстандық боксшы жарысты жартылай финалда аяқтады.

Нәтижесінде Дина Исламбекова әлем кубогының қола жүлдегері атанды. World Boxing ұйымының екінші кезеңі 15 маусымда басталып, 21 маусымда мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 17 спортшымен өнер көрсетіп жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
25 Сен - 15:15 Бокс
Назым Қызайбай Азия ойындарындағы жарысын ерте аяқтады
25 Сен - 14:30 Бокс
Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков Азия ойындарын жеңіспен бастады
24 Сен - 15:15 Бокс
Алуа Балкибекова Азия ойындарын жеңіспен бастады
23 Сен - 14:26 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек тағайындалғаннан кейін мәлімдеме жасады
18 Сен - 12:05 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос титулдық жекпе-жек алдында соңғы көзқарас дуэлін өткізді
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты