Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Бублик

Александр Бублик. Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыста үшінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 93-ракеткасы, франциялық Джованни Мпетши-Перрикармен кездесті.

Екі сетке созылған матчта Бублик 7:6 (7:5), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 30 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 11 эйс жасап, үш мәрте қос қателікке жол берді.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол италиялық Маттиа Беллуччи мен америкалық Тейлор Фритц арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
27 Июл - 10:55 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды
26 Июл - 16:43 Теннис
Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты