Соня Жиенбаева Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Соня Жиенбаева

Фото: ФТК

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайда өтіп жатқан ITF W50 Wuning турниріндегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Варвара Паншинамен кездесті. Қазіргі таңда Паншина WTA рейтингінде 371-орында тұр. Ал Жиенбаева турнирге әлемнің 1037-ракеткасы ретінде қатысуда.

Кездесудің алғашқы партиясында ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда кейін қазақстандық спортшы ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі сетті 6:3 және 6:4 есебімен аяқтады.

Осылайша матч Соня Жиенбаеваның пайдасына 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Бұл жеңістің арқасында қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде Жиенбаева жапониялық Рина Сайго мен қытайлық Ван Цзяци арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады