Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңін бастады

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев командасымен бірге Әзербайжанға барып, алдағы жекпе-жекке дайындықтың шешуші кезеңін бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жаттығу жиынының басталғанын спортшының Dar Team командасы мәлімдеді.

«Дәл осы жерде дайындықтың соңғы әрі ең маңызды кезеңі өтеді. Асуға 27 маусымдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып, октагонға ең үздік бабында шығуын тілейміз», – делінген хабарламада.

Алмабаевтың келесі кездесуі 27 маусым күні Әзербайжан астанасында өтетін UFC Fight Night 280 турнирінде болады.

Қазақстандық спортшының қарсыласы аса жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Чарльз Джонсон болады. Қазіргі таңда Асу дивизион рейтингінде сегізінші орында тұрса, америкалық файтер 14-сатыда орналасқан.

Алмабаевтың кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші – 23 жеңіс және үш жеңіліс. Ал Джонсонның еншісінде 19 жеңіс пен сегіз жеңіліс бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру