Асу Алмабаев UFC рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Фото: Zuffa LLC
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жаңартылған тізімде қазақстандық спортшы дивизиондағы сегізінші орында қалды.
Өзгерістер Алмабаевтан төмен тұрған спортшылар арасында болды. Асуның бұрынғы қарсыласы, америкалық Алекс Перес бір саты төмендеп, 12-орынға түсті. Ал оның отандасы Тим Эллиотт бір позицияға көтеріліп, 11-сатыға жайғасты.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінің көшбасшысы бұрынғыдай UFC чемпионы Алешандре Пантожа болып қалды. Екінші орында Манел Капе тұрса, үздік үштікті жапониялық Тацуро Таира түйіндейді.
Рейтингтегі соңғы өзгерістер UFC-дің Макаода өткен турнирінен кейін орын алды. Сол кеште Алекс Перес қытайлық Су Мудаержимен кездескен болатын. Алайда қытайлық спортшының тыйым салынған соққысынан кейін жекпе-жек нәтижесіз деп танылды.



