Хоккейден әлем чемпионатының матчы футбол стадионында өтеді

Хоккей

Германияда өтетін 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатының ашылу матчы футбол стадионында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, турнир қожайыны Германия құрамасының қатысуымен өтетін алғашқы кездесу Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Аренада» ойналады.

Бұл стадион бұған дейін де әлем чемпионаты матчтарын қабылдаған. 2010 жылы дәл осы аренада Германия мен АҚШ құрамалары кездесіп, ойынды 77 803 көрермен тамашалаған. Бұл көрсеткіш хоккейден әлем чемпионаттары тарихындағы рекордтық көрермен саны болып саналады.

2027 жылғы әлем чемпионаты 14–30 мамыр аралығында Германияның Дюссельдорф және Мангейм қалаларында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдің топтық кезеңінде Германия құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру