Goal нұсқасы бойынша Еуропаның үздік футболшысы анықталды

Харри Кейн

Фото: FC Bayern via Getty Images

Goal басылымы 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша Еуропаның үздік футболшылары рейтингін жариялады. Тізімнің бірінші орнына «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн жайғасты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Екінші орынды оның командаласы Майкл Олисе иеленді. Үшінші сатыда «Барселона» вингері Ламин Ямаль болса, төртінші орын мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппеге бұйырды. Ал үздік бестікті «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс түйіндеді.

Үздік ондыққа сондай-ақ Усман Дембеле, Луис Диас, Хвича Кварацхелия, Бруну Фернандеш және Витинья енді.

Goal нұсқасы бойынша маусымның үздік 10 футболшысы:

Гарри Кейн («Бавария»);
Майкл Олисе («Бавария»);
Ламин Ямаль («Барселона»);
Килиан Мбаппе («Реал»);
Деклан Райс («Арсенал»);
Усман Дембеле («ПСЖ»);
Луис Диас («Бавария»);
Хвича Кварацхелия («ПСЖ»);
Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»);
Витинья («ПСЖ»).

Айта кетейік, 2025/26 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы 30 мамыр күні анықталады. Финалда «Арсенал» мен «ПСЖ» кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр