Еркебұлан Тоқтар Алматыдағы IBA Nomad 15 турнирінде жұдырықтасады
Қазақстандық ММА файтері әрі актер Еркебұлан Тоқтар IBA Nomad 15 турниріне қатысады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Аралас жекпе-жек турнирі 4 шілде күні «Алматы Аренада» өтеді. Әзірге қазақстандық спортшының қарсыласы ресми түрде жарияланған жоқ.
Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы ең танымал медиа тұлғалардың бірі саналады. Ол ММА-дегі мансабын кино және продюсерлік қызметпен қатар алып жүр. Әлеуметтік желілерде спортшыға 1,5 миллионнан астам адам жазылған.
Қазіргі таңда Тоқтардың кәсіби мансабында 15 жекпе-жек бар. Қазақстандық файтер 11 жеңіске жетіп, оның онын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ оның еншісінде төрт жеңіліс бар.
Соңғы жекпе-жегін Еркебұлан Тоқтар биыл наурыз айында өткізіп, қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулуна төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.


