Анна Данилина Страсбургтегі турнирдің ширек финалына шықты

Анна Данилина. Фото: Olympic.kz
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Страсбургте өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық спортшы ресейлік Екатерина Александровамен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Данилина мен Александрова Қытай өкілдері Синью Янь мен Сюй Ифаньға қарсы ойнады. Тартысты өткен матч тура екі сағатқа созылды.
Қазақстандық-ресейлік жұп үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 7:6 (7:5), 5:7, 10:4. Осы нәтижеден кейін Данилина мен Александрова турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Келесі кезеңде олар Эйжа Мухаммад / Фанни Столлар және Эри Ходзуми / Фан-сянь У жұптарының арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Алдыңғы мақала:
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылдыКелесі мақала:
Елдос Сметов Испаниядағы жаттығу жиынын бастап, турнирге оралу туралы айтты
