Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды

Александр Бублик

Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінің үздік он теннисшісі қатарына қайта енді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшы оныншы орынға көтерілді.

Римде өткен «Мастерс» турнирінің үшінші айналымында жеңілгеніне қарамастан, Бублик рейтингтегі орнын жақсартты. Бұған италиялық Лоренцо Музеттидің өткен жылғы ұпайларын қорғай алмауы әсер етті.

Александр Бублик бұған дейін ATP рейтингінің топ-10 қатарына енген алғашқы қазақстандық теннисші ретінде тарихқа енген болатын. Енді ол әлемнің ең мықты ойыншылары қатарына қайта оралды.

Қазақстанның өзге өкілдері арасында Александр Шевченко 88-орында тұр. Тимофей Скатов 191-сатыға жайғасса, Денис Евсеев 440-орынды иеленіп отыр. Ал Григорий Ломакин 19 орынға көтеріліп, ATP рейтингінде 933-орынға шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды
18 Май - 08:34 Футбол
Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды
16 Май - 12:54 Футбол
Шымкентте УЕФА финалдарын қабылдай алатын жаңа стадион салынып жатыр
16 Май - 10:00 Футбол
Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуға қатысты пікір айтты
15 Май - 12:37 Футбол
Түркияда «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековке жоғары баға берілді
14 Май - 11:35 Футбол
Стас Покатилов «Сабахпен» бірге Әзербайжан Кубогын жеңіп алды
14 Май - 10:11 Футбол
Роберт Левандовски маусым соңында «Барселонадан» кетеді
14 Май - 08:40 Футбол
Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталды
13 Май - 08:46 Футбол
Жанкүйерлер тәртіпсіздігінен кейін «Славияға» техникалық жеңіліс тіркелді
12 Май - 14:03 Футбол
Шахмұрат Даулетов «Генктің» жастар командасының ойыншысы атанды